ҚР азаматтығын алу

ЕҢ КӨП СҰРАЛАТЫН САУАЛДАР

Қазірде жедел желі байланысы (8778 808 77 08) арқылы өз мұқтаждығын, заңсыз әркеттерді заңгер кеңесімен шешіп алатын мүмкіндіктер бар. Осыған орай бізге хабарласқан халықтың ең көп қойылар сауалдарына кезек берсек. Ең көп сұралатын сауалдар әлі де жалғасын табатынын, сіздер сұрақ қою арқылы жүзеге асатынын ескерте кеткіміз келеді.

1 сауал. Этникалық қазақ студенттерге ЖОО арқылы азаматтықа өту тәртібі
Жауап: ҚР Көші-қон заңының 33-бабында көрсетілгендей:
Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін: 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің жатақханаларында уақытша тіркелуге; 2) тұрақты тұруға және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
2 сауал. Оралман куәлігі барларға жеңілдетілген әлеуметтік көмектер
Жауап: ҚР заңнамасына сәйкес Оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды:
• ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;
• аударма бойынша қызметтерді көрсету;
• жұмысқа орналастыруда, кәсіби дайындықта, қайта даярлауда және біліктілікті арттырудағы көмек;
• Қазақстан Республикасы тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша, заңнама негіздеріне және шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;
• әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу;
• құқықтық көмек көрсету (кеңестер, консультациялар беру және оралмандарды қабылдау, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақыларды алу өңірлік квотасына енгізуге тіркелу, өтініш беруде көмек көрсету);
• қазақстандық азаматтық алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;
• тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға жәрдемдесу;
• мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту;
• мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмект алуға жәрдемдесу;
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек;
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғау.
5. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
3. сауал Этникалық қазақтардың ҚР ЖОО-на түсу тәртібі
Жауап: ҚР Көші-қон заңының 33-бабында көрсетілгендей:
Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келуіне визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен қабылдаушы білім беру ұйымының өтінішхаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге оқу орнының немесе білім беру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.
Білім алу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруына арналған рұқсатты қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын оқу мерзіміне оқу орнының қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары береді. Яғни сіздің ата-анаңыздың келісімімен, сіз түспекші болған ЖОО ның қолдаухатын ала отырып, СІІМ немесе ҚР шет елдегі мекемелері арқылы виза жасата аласыз. Ал уақытша тұруға арналған рұқсатты ішікі істер органдары береді.
4 сауал. Оралман куәлігін тапсыру тәртібі
ҚР келген күнен бастап 5 күн ішінде Көші-қон басқармасына құжаттарын тастап, өтініш қалдырады. Егер бес күнен асып кетсе ҚР заңы бойынша айыппұл төлейді. Ал оралман куәлігін алу үшін «Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы бойынша
1) өмірбаян (еркін нысанда); 2) отбасы отағасының, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесінің мөлшері 3х4 сантиметр 2 фотосуреті; 3) қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері; 4) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғанын дәлелдейтін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған ұлты қазақ балаларына құжаттардың көшірмелері.
5. Сауал Азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібіне мыналар кіреді:
* Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы, Беларус Республикасының азаматтары үшін.
*Қазақстандық азамат не азаматшамен некеге отырған шет елдік азамат не азаматшалар үшін.
*Тұру мерзіміне қарамастан заң негізінде ҚР аумағында тұрақты тұратын оаралмандар үшін.
*Жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары;
тұру мерзіміне қарамастан заңды негізде ҚР аумағында тұрақты тұратын олардың ерікінсіз азаматтығынан айырған немесе азаматтығының күші жойылғандардың ұрпақтары үшін.
*Қазақстанда ЖОО білім алып жатқан, этностық қазақтар үшін.
Жоғарыдағы азаматтар үшін ҚР заңнамасында оңайлатылған талаптар мен заңда көрсетілген мерзімде азаматтық алып шыға алады.
6. сауал Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті туыстары арқылы беру
Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді.

7. Сауал. Оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткен жағдайда
Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұратын этникалық қазақтар оралман куәлігін алып, бір жылдың ішінде жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа құжаттарын өткізе алмаған оралмандар, куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде ұзартуға бір рет өтініш білдіре алады
Айта кететін бір жайт, оралман куәлігін алып, 6 айдан асып кеткен азаматтыққа тапсыра алмаған қандастарымыз өкінішке орай осы заңнын өзгерісіне ілінбеді.

Осы айдарда

1 пікір

Добавить комментарий

Close