Ұлттық банк топ-менеджерлері 2024 жылы 1,7 млрд теңге көлемінде «сыйақы» алғаны туралы мәлімет тараған болатын.
Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Астанада өткен брифинг барысында бұл ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 1,7 миллиард теңге бонус емес. Бұл жалақы, емдеу, демалыс төлемдері, оқу және басқа да төлемдер», — деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.
Айтуынша, 2023 жылы Ұлттық банк ескі жалақымен өмір сүрді.
«Мен биыл мұнда жұмыс істемедім. Жалақы тек 2024 жылы ғана өсті. Сондықтан бұл ақпарат дұрыс емес», — деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.



