Жаңалықтар
1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды
Энергетика министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен электр энергиясының тарифтеріне өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды qandastar.kzNege.kz-ке сілтеп.
Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұйрық бойынша электр энергиясының шекті тарифтері өседі:
– 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) – кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;
– 2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
– 9-топ («Астана-Энергия» АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
– 12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
– 18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
– 28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
– 39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
– 48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сондай-ақ, электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:
– 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;
– 57-топтың тарифі 56,63 теңге;
– 58-топтың тарифі 26,08 теңге;
– 59-топтың тарифі 22,56 теңге;
– 60-топтың тарифі 3,07 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда да электр энергиясының тарифі өзгеретіні белгілі болды. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді.
Алматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.
«Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр. Халыққа 27,59 теңгеге өзгереді, яғни 8 пайызға өседі. Заңды тұлғаларға 30,08 теңге болады, 8 пайызға өседі. Бюджеттік ұйымдардың тарифі 30,47 теңге болады, ол 7 пайызға төмендейді», – деді департамент өкілі Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.