Жаңалықтар

1 млрд теңгенің заңсыз дивиденды әшкереленді: Қаржы министрлігі Алматы әуежайын тексерді

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметіндегі кемшіліктерді анықтады, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2026 жылғы 27 қаңтарда жүргізілген тексерудің барысында акционер болып саналмайтын заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасына дивидендтердің заңсыз төленгені әшкереленгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды. Аталған ақша АХӘ дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да сервистерді жақсартуға бағытталатын болады.

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, 2025 жылы енгізілген тың тәсілдердің арқасында бақылау органы жаппай тексерудің орнына атаулы(нақты) түрдегі жұмысқа басымдық берген. Комитет сын-қатері жоғары аймақтарға баса мән беріп, осы тәсіл тиімділіктің артуына әсер еткен. Тұтастай алғанда, тексерулер 22% қысқарып, анықталған бұзушылықтар сомасы 36% ұлғайған. Жүргізілетін әр тексерудің үштен бірінің тиімділігі артып келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 400 млрд теңге қайтарылып, 1,2 млрд теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button