ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
1 млрд жымқырды деп күдікке ілінген вице-министрге қатысты тергеу аяқталды
Фото:primeminister.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қолға түскен мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады, деп жазды qandastar.kz
«Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. 2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді», – деп хабарлады бүгін, 2025 жылдың 5 қаңтарында агенттік.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.