Жаңалықтар

1 шілдеден бастап 3 300 қазақстандықтың жалақысы 100% өсті

Фото: ашық дереккөз
Бүгіннен бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына екі есе үстемақы алады. Тиісті қаулыға премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орман және табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерін жақсарту үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.

“Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру станцияларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшының жалақысы көтеріледі. Ол үшін 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 480,1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Барлығы 3 300-ге жуық қызметкер қосымша үстемақы алатын болды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close