Алматы облысы

100 жастағы апамыз алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Бүгінгі референдумда алғашқылардың бірі болып Жаркент қаласының тұрғыны, 100 жастағы Зейнелхан Оспанова апамыз референдумға келіп, өз таңдауын жасады.

12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді түрде қатысып келеді екен. Әсіресе, соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтты.

«Ғасыр ғұмыр иесі әркез жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерге қатысуға тырысады», -дейді референдум учаскесінің мүшелері.

Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды. Жалпы бүгін аудан бойынша 74 учаске өз есігін айқара ашты. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 85 мыңға жуық.

Зейнелхан апа:«Ұрпақтарым аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін! Жастарымыз аман болып, өсе берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін!»,-деген ізгі тілегін білдірді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close