Білім

«100% жұмыс берушінің кінәсі»: Семейде биіктен құлаған мұғалімнің ісін тексеру аяқталды

Фото: smartnews

Еңбек инспекторлары Семейде шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалиевтің ісін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kzсайтына сілтеп.

Еңбек инспекциясы Семейде шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалімнің ісін тексеруді аяқтады. Тексеріс кезінде мұғалімді шыршаны безендіруге мектеп директоры жібергені анықталған.

Жұмыс берушінің кінәсі 100% құрады. Бұл жерде Айтқалиевтің (мұғалім) түк кінәсі жоқ. Мұғалімге осы уақытқа дейін жоғалтқан жалақының бәрі төленеді. Сондай-ақ, егер ем ақылы негізде жүргізілсе, емдеуге жұмсалған барлық шығындар өтелуі тиіс, – деді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев Semei TV-ге берген сұхбатында.

Істің материалдары полицияға жіберілген. Жұмыс беруші еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалиев №49 мектепте жұмыс істейді. Мұғалім Семейде тұрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close