Жаңалықтар

1000 донер таратылады: Астанада тегін донерге 4000 адам жиналған

Фото: видеодан скриншот

Астанада Олжасхан лақап атымен танымал блогер Олжас Қайрат жарнама жасаймын деп, төрт көшеде қозғалыстың шектелуіне себеп болған, деп хабарлайды qandastar.kz.

Блогер желіде дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасаған. Дегенмен келушілер саны 4 мың адамнан асып кетіпті. Сол үшін тәртіп сақшылары да шақыртылған. Ал келушілерге донер емес, талон таратылған.

Кейіннен блогердің өзі келеңсіздік үшін кешірім сұрап, ұйымдастырушылардың қонақтармен суретке түсуге рұқсат бермей қойғанын айтып ақталды.

Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығына шығып суретке түскім келді. Алайда маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын, – деді Олжас Қайрат.

Ал қалалық Полиция департаменті ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын алға тартты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close