Жаңалықтар

12 шілдеден бастап бетті жауып тұратын киім киюге болмайды: Полиция ескерту жасады

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа норма 12 шілдеден бастап күшіне енді.

“Заңнамаға енгізілген түзетулердің басты мақсаты – азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, олардың құқықтары мен бостандықтарын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаларды сәйкестендіру және қоғамдық тәртіпті сақтау”, – дейді полиция.

Учаскелік инспекторлардың айтуынша, бұл тыйым азаматтың бет-әлпетін толық жауып, оның кім екенін анықтауға кедергі келтіретін киімдерге, атап айтқанда маска мен никабқа қатысты. Ал адамның жүзін жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты діни киімдерді киюге рұқсат.

Алайда тыйымның:

  1. Ауа райына байланысты;
  2. Медициналық көрсетімдерге байланысты;
  3. Заң талаптарын орындау кезінде;
  4. Қызметтік міндеттерді атқару барысында;
  5. Азаматтық қорғау саласындағы қызметке қатысы жоқ.

Еске салсақ, Қазақстанда қоғамдық орында бет-әлпетті жауып жүруге ресми түрде тыйым салынған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close