Жаңалықтар

«13 жастағы қызды зорлады»: Бұрынғы депутат өмір бойына сотталды

Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының бұрынғы мәслихат депутаты әрі кәсіпкер А. деген азамат өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Ozgeris.info порталына сілтеме жасап.

Іс аса ауыр санатқа жататындықтан, сот процесі толықтай жабық тәртіпте өтті. Осыған байланысты істің егжей-тегжейі жария етілмейді, ал айыпталушының аты-жөні үкім заңды күшіне енгенге дейін құпия сақталады.

Бұл оқиға биыл наурызда белгілі болып, Лисаковск тұрғындарын қатты дүрліктірген еді. Себебі айып тағылған азамат өңірде танымал кәсіпкер, қоғам белсендісі ретінде белгілі болған. Ол әр жылдары спорттық-сауықтыру жобаларын жүргізіп, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу саласында бизнес жасаған, алкоголь өнімдерін шығаратын кәсіпорынды басқарған. Қаладағы қайырымдылық шараларына қатысып, мешіт құрылысына да қаражат бөлгені айтылған.

Сот жәбірленушінің құқығын қорғау мақсатында тыңдалымдарды жабық форматта өткізіп, істің материалдарын жарияламау жөнінде шешім қабылдады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button