Мәдениет
135 келі болған: көп салмақ тастаған айтыскер Айшолпан Тілеутай жұртты таңғалдырды
фото: жеке қорынан
Артық салмақтан арылған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай жұртты таңғалдырды, – деп хабарлайды qandastar.kz Aikyn.kz.
Ол бұрын салмағы 135 келі болғанын айтқан еді. Одан кейін 40 келі салмақтан арылғанын жеткізді. Жақында жариялаған суретінде одан көп салмақ жоғалтқанын көруге болады.
Жас айтыскердің мақсаты – салмағын 60 келіге түсіру. Жаңа суретін көрген көпшілік қатты таңғалғанын байқауға болады.
«Бұл Айшолпан ба?», «Сұлу қыз», «Керемет Айшолпан. Қазақтың осындай өжет ақылды қыздары аман болсын», «Аза түс, қылдай бел болғанша!», «Табиғи сұлулық», «Керемет нәтиже танымай қалдым», – деп жазды оқырмандар.