Әлеумет және қоғамЖаңалықтарШоу бизнес

«14 жыл қиындық көп болды»: Қабатовтың тоқалы көрген қорлығын айтты

Белгілі әзілкеш, шоу-бизнес өкілі Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзінің жеке өміріне қатысты жазба қалдырды, деп хабарлайды qandastar.kz

Айман ханым TikTok парақшасында Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреттерін бөлісіп, 14 жылдық отбасылық өмір жолында кездескен қиындықтар туралы сыр шертті.

«Біз бірге жүргенімізге 14 жыл болды. Осы уақыт ішінде қуаныш пен сынақты, қиындық пен жетістікті қатар көрдік. Ең бастысы – барлығын бірге еңсердік. Уақыт өткен сайын жанымдағы сабырлы, сенімді және түсінігі мол адамға деген құрметім арта түсуде. Барлығы үшін алғыс айтамын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұптың суреттерін жылы қабылдап, пікір қалдырған. Кейбірі ерлі-зайыптылардың ұзақ жылдар бойы бірге болуы мен өзара қолдауына сүйсінгенін білдірсе, енді бірі олардың жеке өміріне қызығушылық танытқан.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button