Білім

15 қыркүйектен бастап оқушылар онлайн сабақ оқитыны рас па: санитария дәрігерлері жауап берді

Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Мәліметті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында жоққа шығарды — деп жазады qandastar.kz

«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарда.

Ведомство мәліметінше, жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі.

«Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі», — делінген хабарда.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close