Жаңалықтар
Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні аспаннан ерекше құбылысты байқай алады
Фото: freepik
Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні «Орионид» метеорлық ағынын бақылай алады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.
“Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады”, – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады.