Әлем жаңалықтары

17 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде үздіктер қатарынан табылды

Фото: ktf
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz

17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов рейтингіде он сатыға жоғары көтеріліп, қазір төртінші орында тұр. Ол мансабында алғаш рет ТОП-5 қатарына кірді.

Өткен маусымда Омарханов Бейжіңде өткен J300 турнирінде жекелей және жұптық сында үш ірі жарысты, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирінде жеңіске жетті.

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде Заңғар Нұрланұлы да жоғарылады. 16 жастағы қазақстандық 38-орынға көтерілді (+36). 2024 жылы Нұрланұлы жекелей сында үш ірі титулды жеңіп алды: Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100.

Дамир Жалғасбай ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 112-орында (+84). Дамир былтыр Краковта өткен турнирде жеңіске жетті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close