Жаңалықтар
«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты хабарлама жасады
Фото: ашық дереккөз
«ҚазАвтоЖол» мекемесі 6 өңірдегі жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгендігін хабарлады, деп жазады qandastar.kz
Абай облысында сағат 19:30-да «Алматы-Өскемен» автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы – Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жетісу облысында 19:30-да «Алматы-Өскемен» автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы – Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол 11 қараша күні сағат 06:00-де ашылуы тиіс.
Қарағанды облысында сағат 20:30-да «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426, 1426-1446 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін, Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысында сағат 20:30-да «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол 11 қараша сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысында сағат 21:00-де «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырымы аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Абай облысында сағат 21:00-де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Абай облысында «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырымы аралығында (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 11 қараша кешкі сағат 08:00-де ашу жоспарланған.