
Италиялық концептуал-суретші Маурицио Каттелан жасаған әйгілі 18 карат алтын унитаз — «America» атты өнер туындысы — сатылымға шығарылмақ. Бұл туралы The New York Times дерегіне сүйене отырып, qandastar.kz хабарлайды..
Құны қымбат инсталляцияны аукционға ұсынған — миллиардер әрі Point72 хедж-фондын басқаратын, сондай-ақ New York Mets бейсбол клубының иесі Стивен Коэн. Шамамен 100 килограмм тартатын бұл алтын унитаз 2017 жылы Коэннің коллекциясына қосылған.
«America» туындысының бар болғаны екі данасы бар. Солардың біреуі 2019 жылы ұрланып кеткен. Ал екіншісі биыл, 18 қарашада, Sotheby’s аукцион үйінде 10 миллион доллар бастапқы бағамен сатылымға шығарылады.
Сол аукционда тағы бір әйгілі өнер туындысы – музыкант Дэвид Боуидің 1973 жылғы «Aladdin Sane»альбомының мұқабасына арналған портреті – 380 мың фунт стерлингке бағаланғаны да белгілі болды.



