Жаңалықтар
2,9 трлн теңге шығыны бола тұра жоғары сыйақылар төлеген ҚТЖ-ның әрекеті заңды ма?
Фото: rail-news.kz
Компания басшылар айына орта есеппен 4,1 миллион теңге сыйақы алған. 2023 жылы басқарма мен директорлар кеңесі мүшелеріне жалақыны қоса есептегенде жалпы сыйақы 790 миллион теңгені құрағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жақында Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов ұлттық тасымалдаушының банкротқа ұшырауы мүмкін деген сөзінен кейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы компанияның бүгінгі жай-күйі туралы есеп берді.
Компания ҚТЖ-ның ағымдағы номиналды қарызы 2,9 трлн теңгені құрайтынын растады, айтуларынша, компанияның қаржылық және операциялық көрсеткіштері жыл сайын жақсарып келе жатыр.
Үш жыл ішінде компанияның кірісі 2021 жылғы 1,3 триллион теңгеден 2023 жылы 2 триллион теңгеге дейін тұрақты өсу динамикасын сақтап отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кірісіміз 134 млрд теңге болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 есе артық. Бұл – компанияның соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіші. Сонымен бірге ол барлық несиелік міндеттемелерін уақытында өтеуге жетеді, – дейді компания.
Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, компания өзінің қаржылық жағдайын тұрақты деп санайды, мұны халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингтерінің деңгейі және ҚТЖ-ға несиелік жеңілдіктер мен кепілдіктер беретін халықаралық қаржы институттарының сенімі растайтынын атап өткен.
Ал Әлихан Смайылов жариялаған ҚТЖ аудитінің қорытындысы бойынша жағдай басқаша. Оның айтуынша, бүгінде компания өз міндеттемелерін орындай алмай отыр, ол басқарудың тиімсіз әрі ескі форматынан шықпаса, жақын уақытта дефолтқа ұшырауы әбден мүмкін.
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осы тақырыпқа қатысты пікір білдіріп, «Самұрық-Қазына» компаниясына үлкен аудит жүргізілуі тиіс екенін мәлімдеді.
Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, біздің экономикалық саясатымыз ақсап тұр. Өйткені «Самұрық-Қазына» қорының құрамындағы компаниялар ешкімге есеп бермейді. Олар Премьер-министрге де, салалық министрге де есеп бермейді. Олар директорлар кеңесінің төрағасын тыңдамайды. Бұл ұлттық кәсіпорындар, олардың басшылығы қомақты сыйақы алып, сол үшін өмір сүреді, – деді депутат.
Міне, ҚТЖ қарызы 2,9 трлн.теңге, ал компанияның топ-менеджерлері сыйақы мен бонус ретінде 790 млн.теңгені қалтаға басқан. Бұл дегеніңіз қарыздың төрттен бірі басшылардың қалтасына кетті деген сөз. Осыншалық былыққа батып отырған компания ақшаны оңды-соңды қалай шашады?
Бұл сұраққа Көлік министрі Марат Қарабаев министрлер кабинетінде өткен брифингте жауап берді.
Ол ұлттық компаниядағы премия беру туралы шешім дербес қаралатынын айтты.
Осыған сүйене отырып, компания басшылығы және бірінші кезекте директорлар кеңесі пайда әкелуге үлес қосқан жекелеген қызметкерлерді марапаттау туралы шешім шығарды деп ойлаймын. Бұл шаруашылық субъектісі және оның қызметі, оның ішінде премия мәселелері оның экономикалық қызметі болып саналады. Ал компания қай қызметкерге сыйақы төлейтінін, қайсысына төлемейтінін дербес шешеді, – деді министр.
Сонымен бірге Қарабаев ҚТЖ компаниясы 2020 жылдан бері табысты компания деп санайтынын атап өтті.
Жолаушылар мен локомотив парктерін жаңарту бойынша барлық ірі жоба ұлттық компанияның өз есебінен жүзеге асырылады. Бір бөлігін мемлекет субсидиялайды. Бұл жолаушылар тасымалына бойынша да. Енді бұл несие көлемі 2,9 трлн теңге жылжымалы құрамды жаңартуға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Бірақ осы күнге дейін ҚТЖ бірде-бір несие бойынша дефолтқа жол берген емес. ҚТЖ-ның барлық несиесі уақытында өтелді. Оның үстіне компания 2020 жылдан бері табысты болды. Ал өткен 2023 жылы компанияның барлық қарызы мен міндеттемелерін өтегеннен кейінгі таза табысы 134 млрд теңгені құрады, – деп сендірді Көлік министрлігінің басшысы.