Жаңалықтар

2 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға түсті: Ақтөбеде қайғылы жағдай орын алды

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысында орналасқан көпірде үш автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні сағат 22:00-де болған. Lexus маркалы автокөлігінің жүргізушісі Subaru көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Subaru көлігі одан әрі лақтырылып, сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігіне қайта соғылған.

Өкінішке қарай, Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы адам өліміне әкелетін жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button