Жаңалықтар

2 адам өлген, 30 адам қамауға алынған: Wildberries бас кеңсесіндегі атыс туралы не белгілі?

Коллаж: kursiv.media

Компанияның негізін қалаушы Татьяна Бакальчуктің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі бастаған бір топ адам кеңселерді басып алмақ болған. Бұрынғы күйеуі Владислав Бакальчук бір топ қарулы адамдармен бірге кеңсеге кіру әрекетін жасаған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оның айтуынша, үш адам зардап шеккен. Ол бұл жағдайды бақылауға алуды сұрап, құқық қорғау органдарына ашық түрде жүгінетінін айтты.

Алайда Владислав Бакальчук бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, Wildberries кеңсесіне келіссөзге келген кезде оған және оның командасына белгісіз адамдар «шабуыл жасаған». Татьяна Бакальчук болса ешқандай да келіссөз жүргізуге келіспегенін жеткізді.

Соңғы мәліметтерге жүгінсек, атыс салдарынан екі адам қаза тапқан. Тағы екі полиция қызметкері жараланды. Оқиға бойынша 30 адам ұсталды. Компанияның баспасөз қызметі хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі де қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген адамдар.

Айта кетейік, Wildberries компаниясына қатысты дау басталғалы бірнеше ай болды. Оның құрылтайшылары, ерлі-зайыпты Татьяна мен Владислав Бакальчук арасында ажырасу процесі жүріп жатыр. Тіпті тараптардың бірі Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтан көмек сұрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close