20 ақпанда еліміздің үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады деп хабарлайды qandastar.kz OpenWeather порталына сілтеп.
Алматы қаласында күн жауын-шашынсыз, ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +15

градусқа дейін көтерілсе, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы шамамен 3,3 м/с болады.
Астана қаласында күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -11 градусқа дейін түсіп, түнде -23 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с деңгейінде сақталады.
Ал Шымкент қаласында күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынса, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с шамасында болады.


