Жаңалықтар

20 жыл түрме: сот «Дикий Арманның» ісі бойынша нүкте қойды

Дикий Арман ісі апелляциялық сотта қаралды

Алматы қаласының апелляциялық инстанциясы Арман Жұмагелдиевке қатысты істі қарады. Белгілі «Дикий Арманға» қатысты алғашқы инстанцияның үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп жазады qandastar.kz

Қалалық соттың мәліметінше, апелляциялық сот Арман Жұмагелдиевтің ісін қарап, сот алқасы бірінші инстанцияның шешімін істің барлық фигуранттары бойынша күшінде қалдырды. Процесс жабық түрде өткен.

Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша кінәлі деп танылған болатын:

  • ҚР ҚК 262-бабы («ҰҚТ құру және оны басқару») – 9 жыл бас бостандығынан айыру;
  • 268-бап («Бандитизм») – 16 жыл;
  • 272-бап («Жаппай тәртіпсіздіктер») – 8 жыл.

Жалпы жазалардың жиынтығы бойынша «Дикий Арман» 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиевпен бірге экс-депутат және кәсіпкер Қайрат Құдайберген, сондай-ақ ҰҚК-нің 5-басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Искаков та сотталған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button