Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

2025 жылы қазақстандық отбасыларға берілетін жәрдемақылардың көлемі жария болды

Биыл бала тууы мен 1,5 жасқа дейінгі күтіміне арналған төлемдер 508 мың адамға тағайындалған. Мемлекет бұл мақсатқа 692 млрд теңге бөлді, деп жазды qandastar.kz

Жыл басынан бері 286 мың отбасы жаңа туған сәбидің қуанышына байланысты бір реттік жәрдемақы алды. Оның жалпы сомасы – 51,7 млрд теңге. Ал қазан айында бұл төлемді 28,5 мың адам рәсімдеп, оларға 5,2 млрд теңге аударылды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын ата-аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақыны биыл 124,7 мың адам алды. Төлемнің жалпы көлемі – 36,4 млрд теңге.

2025 жылы АЕК 3932 теңге болып бекітілген, осыған сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар да 6,5%-ға өсті.

Бала тууына берілетін жәрдемақы:

  • 1-3 бала: 149 416 теңге

  • 4 және одан көп бала: 247 716 теңге

1,5 жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы:

  • 1 бала – 22 648 теңге

  • 2 бала – 26 777 теңге

  • 3 бала – 30 866 теңге

  • 4+ бала – 34 995 теңге

Жұмыс істейтін ата-аналар үшін төлемдер бөлек есептеледі – олар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алады. Биыл бұл көмекті 175 мыңнан астам адам рәсімдеген. Декреттік төлемдердің орташа мөлшері – 1,45 млн теңге.

Ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға 1,5 жасқа дейінгі күтім үшін ай сайынғы төлем тағайындалады. Оның мөлшері – соңғы екі жылдағы табыстың 40%-ы. Орташа төлем: 86 493 теңге.

Алдағы уақытта мемлекет көмекті отбасының табысы мен жағдайына қарай, скороингтік жүйе арқылы тағайындауды жоспарлап отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button