ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

2026 жылдан бастап қаржы саласында не өзгереді?

2026 жылы Қазақстанда азаматтарға салықтық жеңілдік жасауға бағытталған маңызды қадам — салықтық рақымшылық (амнистия) іске асырылмақ. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі qazaqtoday парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл бастама халықтың қарыз жүктемесін жеңілдетіп, көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді көздейді.

Салықтық рақымшылық — бұл мемлекет тарапынан азаматтар мен заңды тұлғалардың салық берешегін немесе соған қосылған өсімпұл мен айыппұлды кешіру шарасы. Мұндай тәжірибе Қазақстанда бұған дейін бірнеше рет жүргізілген. Енді 2026 жылы жаңа форматта іске аспақ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button