Қазақстанда кейбір салық есептері жойылады: жаңа тәртіп 2026 жылдан бастап енгізіледі
2026 жылғы 26 наурыздан бастап СЕӨС және ескі СТК жүйелерінде келесі салық есептері (СЕН-дар) өшіріледі:
- 200.00 СЕН – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 200.03 СЕН – Қосымша декларация құрылымдық бөлімшелер бойынша;
- 300.00 СЕН – Қосылған құн салығы бойынша декларация;
- 400.00 СЕН – Акциз бойынша декларация;
- 421.00 СЕН – Акциз есебінің нысаны (құрылымдық бөлімше немесе салық салу объектілері үшін);
- 860.00 СЕН – Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы декларациясы;
- 870.00 СЕН – Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы декларациясы;
- 910 СЕН – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация.
Ал 2026 жылғы 2 сәуірден бастап келесі есептер жүйеден алынады:
- 220.00 СЕН – Жеке табыс салығы бойынша декларация;
- 328.00 СЕН – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 700.00 СЕН – Көлік құралы, жер және мүлік салығы бойынша декларация;
- 920.00 СЕН – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.
Салық төлеушілер есептерді дұрыс тапсыру үшін жаңа қызметке алдын ала ауысуы керек. Сонымен қатар, электрондық шот-фактуралар мен салық төлеу тәртібінде жеңілдіктер енгізілген.
Толығырақ: kaz.inform.kz



