ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Зейнетақы қоры маңызды хабарлама жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін қажет минималды жеткіліктілік шектерін жаңартты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы truestorykz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Келесі жылдан бастап бұл көрсеткіштер орта есеппен 10 пайызға өседі. Мұндай өзгеріс ең төменгі жалақының, ең төменгі зейнетақының және ең төменгі күнкөріс деңгейінің көтерілуімен байланысты.

Жеткіліктілік шегі — болашақта алынатын зейнетақы ең төменгі деңгейден төмен болмауы үшін салымшының шотында қалуға тиіс сома. Бұл мөлшер Үкімет бекіткен әдістеме бойынша есептеледі.

2026 жылға арналған есептеулер келесі көрсеткіштер негізінде жүргізілді:

  • Ең төменгі жалақы (МЗП) – 85 000 теңге
  • Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге
  • Күнкөріс шегі – 50 851 теңге

Ұқсас Мақалалар

Back to top button