БЖЗҚ мәліметінше, 2026 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«ТЖШ есептеу зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге», — делінген мәлімдемеде.
Нәтижесінде 2026 жылы бұл мөлшер орта есеппен 10%-ға өсті.
Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинағын жұмсау үшін шоттағы ақша «жеткіліктілік» шегінен асуға тиіс.
Артылған бөлігін баспана алуға, ипотеканы өтеуге және емделуге жұмсауға болады.




