Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылы әскери міндетті азаматтарды әскери жиындарға шақыру туралы бұйрық жобасын дайындады. Бұл туралы Zakon.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарды жариялады.
Жобаға сәйкес, 270 әскери міндетті азамат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу, Жамбыл және Атырау облыстарындағы департаменттеріне 30 күнтізбелік күнге әскери жиындарға шақырылмақ.
Ведомствоның түсіндіруінше, әскери жиындардың мақсаты – әскери міндетті азаматтардың білімін, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын сақтап, жетілдіру, сондай-ақ олардың жүктелген міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыру.
Аталған құжат жобасы 2026 жылғы 26 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Айта кету керек, өткен жылы да әскери жиындарға дәл осындай мөлшерде – 270 қазақстандық шақырылған болатын.



