Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

2026 жылы қаңтарда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар үшін 12 демалыс күні бар. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Кursiv.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік мерекелер – Жаңа жыл мен православтық Рождество мерекелерінің арқасында қазақстандықтар жалпы 12 демалыс күн демалады.

Жаңа жыл мен Рождествоға арналған демалыс күндерінің кестесі

Жаңа жыл мерекесінің ресми демалыс күндері 1 және 2 қаңтар деп белгіленген. Алайда күнтізбелік демалыстарды ескергенде кесте төмендегідей болады:

Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • Демалыс күндері (Жаңа жыл): 1, 2, 3 және 4 қаңтар (бейсенбі – жексенбі).
  • Жұмыс күндері: 5 және 6 қаңтар (дүйсенбі – сейсенбі).
  • Демалыс күні (Рождество): 7 қаңтар (сәрсенбі).
  • Содан кейін – стандартты жұмыс кестесі.

Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • Демалыс күндері (Жаңа жыл): 1 және 2 қаңтар (бейсенбі – жұма).
  • Жұмыс күні: 3 қаңтар (сенбі).
  • Демалыс күні: 4 қаңтар (жексенбі).
  • Жұмыс күндері: 5 және 6 қаңтар (дүйсенбі – сейсенбі).
  • Демалыс күні (Рождество): 7 қаңтар (сәрсенбі).

Қазақстандағы және халықаралық маңызды күндер:

Қазақстанда:

  • 10 қаңтар — Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы күні.

БҰҰ күнтізбесі және халықаралық мерекелер:

  • 1 қаңтар — Отбасы күні.
  • 4 қаңтар — Брайль әліппесі күні.
  • 14 қаңтар — Логика күні.
  • 24 қаңтар — Білім күні.
  • 27 қаңтар — Холокост құрбандарын еске алу күні.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button