Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

2026 жылы Владимир Путин Қазақстанға сапармен келеді

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин 2026 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы елші «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, нақты мерзімі әзірге белгіленбегенімен, екі ел басшылары деңгейіндегі бұл кездесу күн тәртібінде бар.

Дипломат өз сұхбатында сапардың стратегиялық серіктестік, интеграциялық процестер және бірлескен жобалар аясындағы келіссөздермен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Екіжақты ынтымақтастықтың көптеген бағыты бойынша ілгерілеу бар. Осы жұмыстардың нәтижесін мемлекет басшыларына баяндауға толық негіз жеткілікті», – деді елші.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың қараша айында Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барып, екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған бірқатар келіссөз өткізген еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button