ЖаңалықтарСпорт

2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды

Бұл туралы Токио қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде айтылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Іс-шарада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды», — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) танысқанын да айтып өтті.

«Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», — дейді президент.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button