2028 жылдан бастап Қазақстанда төтенше жағдай кезінде жедел қызметтерге хабар беретін SOS батырмасы орнатылмаған көліктер тіркеуге алынбайды.
Бұл талап Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес енгізіліп отыр. Ереже Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің барлығына ортақ болады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, шетелден, әсіресе Ресей мен Қырғызстаннан әкелінетін көліктерде осындай жүйе болуы міндетті. Егер көлікте SOS батырмасы болмаса, оны Қазақстан аумағында пайдалану немесе тіркеу мүмкін емес.
Дегенмен ел ішінде бұрыннан жүрген көліктерге бұл талап жүрмейді — яғни, қазақстандық жүргізушілерге SOS батырмасын орнату міндеттелмейді.



