Жаңалықтар

2032 жылға қарай Айда алғашқы қонақүй ашылады

2032 жылға дейін Ай бетінде туристерге арналған алғашқы қонақүй іске қосылуы мүмкін. Алғашқы кезеңде Айға сапар шегудің құны бір адамға шамамен 416 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі We_project парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айға дейінгі жол шамамен үш күнге созылады. Туристер SpaceX немесе Blue Origin компанияларының ғарыш кемелерімен жеткізіледі деп жоспарланған.

Қонақтар 2-4 адамға арналған үрлемелі тұрғын модульдерге орналастырылады. Жоба жүзеге асқан жағдайда, Ай туризмі ғарыш саласындағы жаңа бағыттардың біріне айналмақ.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button