Жаңалықтар
Азаматтардың жеке дерегі қайдан ұрланғаны белгілі болды
Фото: ашық дереккөз
Азаматтардың желіге таралған жеке деректері ресейлік компаниядан ұрланған, деп жазады qandastar.kz
Цифрлық даму министрлігі осылай деп отыр. Бұл мәліметтер Ресей аумағындағы «Сирена трэвэл» атты компаниядан ұрланған көрінеді.
«Бұл әуе билеттерін брондау қызметін ұсынатын сервис. Бронь нөмірі бойынша ұшаққа онлайн тіркеліп, орын алуға болады. Біздің компаниялар кінәлі емес. Олар біздің азаматтарымыз сияқты зардап шекті», – деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.
Қазақстан тарапы осы мәселеге қатысты «Роскомнадзорға» хат жолдапты. Белгілі болғандай, азаматтардың аты-жөні мен құжат нөмірі желіге тарап кеткен. Енді деректері ұрланған қазақстандықтардың аты анықталған соң, оларға электрондық үкімет арқылы хабарламалар жіберіледі.