22 тамызда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабардады.
OpenWeather мәліметіне сәйкес, Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Ауа температурасы күндіз +30°C-қа дейін көтеріліп, түнде +18°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 11 м/с-қа жетеді.
Астанада көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +26°C, түнде +13°C болады. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с шамасында соғады.
Шымкентте де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +34°C-қа дейін көтерілсе, түнде +22°C болады. Жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.



