Жаңалықтар

23 млн тұратын көлік тәркіленді: Әйтенов алимент төлейтін болды

Фото: ашық дереккөз

Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың жанжалы елді шулатқан еді. Енді алимент үшін Әйтеновтің көлігі тәркіленетін болды, деп жазады qandastar.kz  Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына сүйеніп.

«Жеке сот орындаушы Н.К.Мұратова үш балаға алимент өндіру туралы орындаушылық өндіріс бойынша борышкердің автокөлігін тәркілеп, айыппұл тұрағына қойлы. Қарыз сомасы 23 000 000 теңгеден асады. Әрі қарай бұл автокөлік электронды сауда арқылы сатылып, балалардың алдындағы қарызды жабуға жұмсалады», – делінген жазбада.

Осы жазбаның астына Марат Әйтеновтің бұрынғы жары, үш баланың анасы Дана Әтешова пікір қалдырып, жеке сот орындаушысына алғыс айтқан.

«Жеке сот орындаушы Мұратова Нұргүл Қайырғазықызына рахметімді айтамын. Марат Әйтенов пен Лейла Мирастың тарапынан көптеген арыз берілгеніне қарамастан, Нұргүл Қайырғазықызы өз жұмысын соңына дейін орындайды. Заңды қатаң сақтайды. Мұндай тамыр-таныс пен көп талап арызға екінің бірі шыдамас еді», – деген ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close