
Түркістан облысында 16 жастағы қыздың 23 жастағы әскери қызметкерден бала туғанына байланысты дау шықты, деп хабарлайды qandastar.kz
Алайда тергеу тоқтап тұр.
Полиция мен әскери-тергеу басқармасы істі кім жүргізуі керектігін шеше алмай отыр.
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы хабарлады. Оның айтуынша, қыз 15 жасында, 9-сыныпта оқып жүргенде жүкті болған.
«Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында ер адам онымен ресми түрде некеге тұрған. Алайда жарты жылдан кейін оны тастап, ата-анасының үйіне қайтарып жіберген», – деді Жазира.
Журналистің мәліметінше, жергілікті тергеуші қыздан жыныстық қатынасқа «өз еркімен барғаны» туралы қолхат алып, қылмыстық істі жауып тастаған. Бұл – заңға қайшы: Қазақстанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас – жәбірленушінің келісіміне қарамастан, қылмыстық қылмыс болып саналады.
Skifnews.kz жазғандай, қыз Астанаға шағым түсіргеннен кейін іс қайта қозғалған. Алайда екі ай өтсе де, ешқандай нәтиже жоқ



