Жаңалықтар

«23 жыл»: Прокурор Шерзат Полат өліміне айыпталушыларға жаза сұрады

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Отырыста мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай соттан айыпталушыларға жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.

«Кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақты 1,6 жылға, Дархан Әскентай, Шыңғыс Белғожаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтің әрқайсына 7 жылға,  Нұрқияс Ілиясовты түпкілікті 9 жылға, Азамат Тоқтаубаевты түпкілікті 15 жылға, Равиль Сакиевті түпкілікті 20 жылға, Абзал Шынасылды түпкілікті 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», — деді прокурор.

Сондай-ақ айыпталушылардың бәрін жазасын өтеу үшін қауіпсіздігі орташа мекемелерге жіберуді сұрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close