Жаңалықтар
Клебанов «Астана ЕРЦ»-ның 50% үлесін заңсыз иеленген

Фото: ашық дереккөз
Александр Клебанов «Астана ЕРЦ»-ның 50% үлесін заңсыз иеленген, деп жазды qandastar.kz
Оған тиесілі кәсіпорынның жылдық табысы 11 млрд теңге, ал Клебанов оны 85 млн теңгеге сатып алған. Бұл туралы Астана әкімінің халықпен кездесуінде қала тұрғыны Марат Бөлекбаев айтты.
Сөзінше мемлекет меншігіндегі стратегиялық маңызды нысанды жекешелендіру заңға қайшы келуі мүмкін. Сондықтан келісімді бұзып, активті мемлекетке қайтарған жөн. Прокуратура осы іске араласуы тиіс дейді қала тұрғыны. Бұл мәселеге әкім Жеңіс Қасымбек жан-жақты талдау жүргізіліп, ресми жауап беріледі деп қысқа қайырды.
2022 жылы Екібастұз тұрғындары қатты аязда жылусыз қалып, қалада төтенше жағдай жарияланған еді. Сол жағдайдан кейін Александр Клебанов өзі иелік еткен «Екібастұзжылуэнергоны» мемлекетке қайтарып берді. Процесс 2024 жылы аяқталды. Клебанов Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендер рейтингінде 21-орында тұр. Оның байлығы 815 млн долларға бағаланады.