Әлем жаңалықтарыДенсаулықЖаңалықтар
25 баланың өлімі COVID-19 вакцинасымен байланысты болуы мүмкін

фото: gov.kz
АҚШ-та COVID-19 вакцинациясының 25 кәмелетке толмаған баланың өлімімен байланысы туралы мәлімдеме жасалуы мүмкін. Бұл жөнінде The Washington Post газеті жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Газет деректеріне сәйкес, президент Дональд Трамп әкімшілігінің Денсаулық сақтау министрлігі шенеуніктері алдағы аптада CDC кеңесшілер тобының алдында өтетін отырыста бұл мәлімдемені ұсынуды көздеп отыр.
Алайда кейбір ғалымдар мұндай қадамға алаңдаушылық білдіріп, қолданылған зерттеу әдістемесінің ашық еместігін атап өтті.
Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының комиссары Марти Макари аталған жағдайды тексеру үшін мамандар аутопсия нәтижелерін зерттеп, балалардың туыстарынан сұхбат алатынын айтты.
Бұған қоса, биыл 25 ақпанда Fox News АҚШ Денсаулық сақтау министрі кіші Роберт Кеннедидің COVID-19 вакцинасын жасау жобасын тоқтатқанын хабарлаған. Жобаға 10 мың адам қатысуы тиіс клиникалық сынақтар басталардан бірнеше күн бұрын ол бұйрық шығарған еді.