Жаңалықтар

“25 жыл бойы тіссіз жүрген“. Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

 

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Видео кейіпкері Әйгерім – 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген.

«12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпіш тісіме тиіп кетті», – дейді ол.

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған.

«Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін», – деді әйел.

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған.

«Әр әйел бақытты болуға лайық», «Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады», – деп жазған олар.

Еске салайық, бұған дейін көшеде жұпыны киінген қарияның адам танымастай өзгерген бейнесі жұртты таңғалдырған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close