Жаңалықтар

«27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды»: кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасағандарға үкім шықты

Фото: ашық дереккөз

Динара Зәкиева Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағандарға қатысты статистиканы жариялады, деп жазады qandastar.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

— Жыл сайын кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасау бойынша 900-ге жуық іс тіркеледі. Бұл 120, 121, 124-баптарға сәйкес қаралатын істер.

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылданғаннан бері осындай ауыр қылмыс жасаған 25-27 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, — деді Динара Зәкиева.

Сонымен қатар, ол мұндай қылмыстар жиі тіркелетін өңірлерді атады.

— Жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар негізінен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарында көптеп кездеседі, — деді уәкіл.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close