Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

2800 теңгеден бастап: Астанада ет жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада әр сенбі-жексенбі күндері өтетін «Соғым Fest» ет жәрмеңкесі 27 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін 5 күнге ұзартылды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елордалықтар ет жәрмеңкесінен жаңа жылдық үстелге ең арзан ет өнімдерімен қоса ауылшаруашылық өнімдерін де сатып ала алады.

Жәрмеңкеге Ақмола, Түркістан, Павлодар, Абай және Қарағанды облысының шаруалары ет өнімдерін тікелей жеткізеді. Сәйкесінше баға әдәуір төмен болады. Мәселен жылқы еті келісіне 2800 теңгеден, сиыр еті 3000 теңгеден бастап, қой еті 3000-3200 теңге аралығында, қаздың еті келісіне 2500 теңгеден бастап саудаланады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button