Жаңалықтар
3,4 млн заңсыз жалақы: Шымкентте басшы мен бухгалтерге үкім шықты
Фото: ашық дереккөз
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы мен осы ұйымның бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Qandastar.kz.
Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.