Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

3 жылдағы рекорд: Соңғы бір айда Қазақстанға 150 қытайлық компания жұмыс істеуге келді

Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қарашасында Қазақстанға келуші қытайлық компаниялардың саны қысқарған. Ал биыл өсім ерекше қарқынмен артуда, – деп хабарлайды qandastar.kz

Барлық тіркелген ұйымдардың үштен екісі ғана жұмыс істеп тұр, ол 3062 бірлікті құрайды. Бірінші несие бюросының хабарлауынша, соңғы бір айда компаниялардың саны 122-ге өсті. Бірде-бір серіктес ел тамыз айында мұндай нәтиже көрсетпеген.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан экономикасына құйылған қытай инвестициясының көлемі 16 пайызға өсіп, 1,8 миллиард долларға жеткенін атап өткен болатын.

– Бүгінде құны 14,5 миллиард доллар болатын 45 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы Қытай капиталының үлесі бар кәсіпорындар саны 4700-ден асады. Біз өзара тиімді инвестициялық жобаларды одан әрі жүзеге асырудың маңызын атап өттік. Нақтырақ айтқанда, энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қаржы, көлік, аэроғарыш өнеркәсібі және IT салаларына тоқталдық. Қазақстан өз нарығына кіруге ниетті Қытай компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған ауқымды энергетикалық жобаларды тиімді жүзеге асыру қажет деп санайды.

– Қазір Қазақстанда мұнай-химия зауыттары салынып жатыр. Шымкенттегі мұнай өндеу зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырының өткізу мүмкіндігін ұлғайту шаралары қолға алынды. Көп ұзамай бұл жобалар экономикамызға үлес қоса бастайды. Сапар аясында қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Онда бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close