Жаңалықтар

«300 метрден асады»: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жасырын жер асты жолы табылды

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында 310 метрлік жер асты контрабандаға арналған Жер асты жолы анықталды. Түнел арқылы сапасына кепілдігі жоқ дәрі-дәрмектер тасымалданған,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Басылымның мәліметінше, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Үндістаннан Қазақстан арқылы Өзбекстанға кепілдігі жоқ дәрі-дәрмек жеткізілген. «Дели – Ташкент – Алматы» рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізілгені, одан кейін ол туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент облысының Ташкент ауданына жеткізілгені анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ зат ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 есірткі препаратын тәркіледі.

Ұзындығы 310 метрді құрайтын ашылған туннельде желдету жүйесі орнатылған, контрабандашылар жүк тасымалдау үшін арбаларды пайдаланған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Наурызда Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында контрабандашылардың жерасты жолы табылғанын жаздық. Ол тауарлар мен адамдарды заңсыз өткізу үшін пайдаланылған еді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close