
Фото: ашық дереккөз
«Қайрат» пен «Реал» ойыны кезінде Qazaqstan және Qazsport сайттары қолжетімсіз болды, деп хабарлайды qandastar.kz
Матчты онлайн көруге ниеттенген көрермендер телеарналардың ресми сайттарына кіре алмай, «Сервер табылмады» деген хабарламамен бетпе-бет келді. Кейбір пайдаланушыларда трансляция ара-тұра ашылғанымен, тұрақсыз болды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының екінші турында өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу Алматыда сағат 21:50-де басталған.



