
Фото: Спортс телеграм арнасы
Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал» арасындағы көптен күткен матч қала тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды. Стадионға сыймаған жанкүйерлер жақын маңдағы үйлердің шатырлары мен балкондарына шығып, ойынды сол жерден тамашалаған, деп жазды qandastar.kz
Әлеуметтік желілерде алматылықтар осы балкондар мен шатырлардан орындарды сату туралы хабарландырулар жариялап, стадионға кіре алмаған жанкүйерлерге балама мүмкіндік ұсынған.