Жаңалықтар

Түркістанда ақыл-есі кем жігітті туыстары зорлаған

Фото: ашық дереккөз

Келес аудандық сотында дамуында тежелісі бар 24 жастағы жігітті зорлау ісі қаралуда, деп хабарлайды  qandastar.kz

Бұл іс алғаш рет 2025 жылдың наурыз айында «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының жариялауынан кейін жұртшылыққа белгілі болды. Қор мәліметінше, ақыл-ой дамуы 4 жасар баланың деңгейіне тең келетін жас жігіт бірнеше жыл бойы туыстары мен көршілері тарапынан жыныстық зорлық көріп келген.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, қылмысқа алты адам қатысқан, олардың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Алайда қазіргі уақытта сот алдында тек үш ересек немере ағасы жауапқа тартылып отыр.

Сот процесі жабық түрде өтіп жатыр. Айыпталушылардың екеуіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары бойынша – топ болып зорлау ісі бойынша айып тағылған.

Ал үшінші айыпталушыға осы баптың 2-бөлігі 1-тармағы (топпен зорлау) және 188-бап (ұрлық) бойынша айыптар тағылып отыр.

2025 жылдың 30 қыркүйегінде сот процесінде тараптардың жарыссөзі өтті.

Back to top button